Сырдария өзеніне шомылған жасөспірім ажал құшты - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінің тұрғыны Сырдария өзеніне шомылу кезінде суға ағып кетті.

 Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Оқиға 2 шілде күні 16 сағат 09 минутта орын алған. Тілсіз жаудың құрбанына айналған 1997 жылы туған Қанат Тұрсынов болып шықты. Құтқарушылар оның жансыз денесін 33 минуттан кейін тауып, судан шығарды.