Аймақ елді мекендерін электрмен қамту бағытындағы жұмыстар аясында Төретам кентіндегі 35/10 кВ №22 ҚС-сы, кент пен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту, Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту қолға алынғалы отыр.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн теңге қарастырылып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.