Сырдария суы төмендеп келеді - ТЖК
«Сырдария өзені гидрологиялық бекетінің Қараұзақ бекетіндегі судың нақты деңгейі 695 см-ді құрайды. 13 қаңтар күнгі сағат 18-ден бастап су деңгейі 2 см-ге төмендеді. Бұл орайда айта кетерлігі, қауіпті белгі 665 см, ал қатерлі белгі 770 см саналады. Таяу жатқан Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 300 метр», - деді ол.
Оның айтуынша, Сырдария-Жосалы бекетіндегі судың нақты деңгейі 678 см болып тұр. Ал қауіпті белгі - 680, қатерлі белгі - 720 см. Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 200 метр.
«Сырдария-Қазалы бекетінде судың нақты деңгейі - 639 см. 13 қаңтар күні сағат 18-ден бастап судың деңгейі 4 см төмендеді. Бұл ретте, қауіпті белгі 640 см, қатерлі белгі 749 см құрайды. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық 1 шақырым»,- деді Барат Дұзақбаев.