Алайда дария бетіне мұз қатқан сәтте өткел алынады да, қатынас күрделене түседі. Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов Майдакөл ауылдық округінде өткен есепті кездесуінде осы күрмеулі мәселе биыл шешімін табатындығын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Сырдария үстімен «Әлсейіт» өткелі салынатыны жоспарлануда. Жаңа көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 550,0 млн. теңге бөлінген.
Сондай-ақ жиын барысында мәлім болғандай, округ бойынша 52 кәсіпкер тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 25-і шаруа қожалығы, 27-і жеке кәсіпкерлер. Сонымен бірге, 1 ауылшаруашылық кооперативі құрылды.
Өткен жылы «Рза - Агро» ЖШС мен «Аймаханов» шаруа қожалығы тарапынан 560 га күріш егіліп, одан орта есеппен 51,0 центнер өнім алынды. 200 га көне жоңышқа мен 150 га жаңа жоңышқа егіліп, күтімге алынды.