Сырдариядағы сең Қызылорда қаласы тұсынан қауіпсіз өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласынан өткен сең бүгін Сырдария ауданы Жақапбай учаскесі тұсына жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сең қазірде Әйтек су торабынан 25 шақырым төмен тұр. Ақпан айының ортасында ауа райы күрт жылып, сең Жаңақорған ауданы тұсынан қозғала бастаған болатын. Осыған байланысты дария арнасына  Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген кезекшілік ұйымдастырып, жедел топ мүшелерімен бірге мониторинг жүргізілуде.

Бұл жұмыс сең Арал теңізіне жеткенше тұрақты жалғасатын болады.