Соңғы айналымның қорытындысы бойынша Сырдария ауданының командасы 32 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойындарда Сырдариялық спортшылар «Динамо-Қазан» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтып, келесі жылы басталатын суперлига ойындарына жолдама алды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
28 ұпаймен «Динамо-Қазан» екінші орынды еншілесе, «Динамо-Электросталь» мен «Динамо-Самар» командалары 25 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
«Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Енді жерлестеріміз алдағы 8 шілде күні Талдықорған қаласында ерлер және әйелдер арасында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына және тамыз айында Қазақстан кубогына қатысады.