«Арал-Сырдария бассейні бойынша, Орталық Азияның су реттеу консорциумын құру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жоба бүкіл елдердің мүддесін сақтап, энергетика, суармалы егіншілік және Арал экологиялық мәселесін тиімді шешуге бағытталған», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша Орталық Азия елдерінің арасында суды әділетті бөлу бойынша біршама өзара түсіністік бар.
«Суды әділ бөлу үшін Сырдария су шаруашылығы балансы әзірленіп, мемлекетаралық гидроқұрылыстар автоматтанады», - деді министр.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.