"Сырғалым" телевизиялық қиссасының көрсетілімі "Қазақстан" телеарнасында жақында ғана 2014 жылдың 8 сәуірінде аяқталған болатын. Фильмнің 48 бөлімі 4 ай бойы көрсетілді. Көрсетілім барысында "Сырғалымның" елге танымалдығы артып, Қазақстанның осы саладағы тарихында көрермені ең көп телехикаяға айналды. Күнделікті үздіксіз көретін аудитория миллион адамнан асты. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында "Сырғалымды" қалай түсіргендігі және телехикаяның жалғасы жайлы, қашан түсіретіндігі туралы да айтылады. Сонымен қатар кездесу кезінде қазақстандық кинематографияның отандық актерлермен және түсіруші топпен бірге дамуы сынды маңызды мәселелер қозғалады
03:32, 03 Мамыр 2014
«Сырғалым» кездесуге шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мамыр,17:00-де 'Меломан GRAND' дүкені ғимаратында (Алматы қаласы, Гоголь 58, Панфилов к. қиылысы) еліміздегі ең жоғары рейтингті 'Сырғалым' телехикаясының акерлері және оны түсіруші азаматтармен кездесу өтеді.