Сырқаттанып қалған Пол Маккартни концертін кейінге шегерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «The Beatles» тобының бұрынғы әншісі Пол Маккартни Токио қаласында сенбі күні өткізілуі тиіс болған концертін кейінге шегеруге мәжбүр болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оған себеп, аты аңызға айналған музыкант вирустық аурумен ауырып қалған.

Айта кетейік, Жапонияға «Out There! Tour 2014» туры аясында сапарлап келген сахна жұлдызы 17 және 18 мамыр күндері Токиодағы Ұлттық стадионда екі концерт беруі тиіс болатын. Ал 24 мамырда Осакада тағы бір концерт өткізу жоспарланған.

«Мұндағы менің өнерімді сүйетін барлық қауымнан кешірім өтінемін. Дәрігерлер маған бүгін сахнаға шықпауға кеңес берді. Ертеңгі концертке дейін толықтай сауығып кететініме сенімдімін», - деді әнші ресми мәлімдемесінде.

Музыканттың қосымша концерті дүйсенбі күні өтпек, оған билет сатып алғандардың барлығы кіргізіледі. Ал кейінге шегерілген концертке қандай да бір себептермен келе алмайтын көрермендерге ұйымдастырушылар билет құнын толықтай қайтарып бермек.