Бір көргенде, кәдімгі жайнамаздан еш айырмашылығы жоқ. Алайда, ол соққыны азайтатын қасиетке ие екенін айта кету керек.
Десе де, ол ерекше жайнамаздың қалай жасалғанын құпия ұстап отыр.
«Мен патентімді 2009 жылы алғанмын. Содан бері Түркияның үш қаласында осындай жайнамаздарды көптеп шығара бастадық. Жылына шамамен 3000 жайнамаз сатылады»», - деді ол.
Muslim.kz сайтының жазуынша, ортопедиялық жайнамаз бүктеуге де келеді немесе шағын қол сөмкеге айналдырып та өзіңмен бірге алып жүруге болады. Оны ғаламтор арқылы сатып алуға болады. Ал осынау айрықша қасиеті бар жайнамаздың Германияда, Түркияда, Кувейтте және Дубайда арнайы сауда орындарында сатылатынын каперлеріңізге сала кеткіміз келеді.
Осы уақытқа дейін бұл жайнамаз Сингапур мен АҚШ елдерінде саудаға шығарылып, өнертапқышқа қомақты табыс әкелгенін де айта кету керек.
Десе де, мұндай жайнамаздың пайда болуы жаңалық емес. Канадалық Timez5 компаниясы адам тәніне де, жанына да жайлы осындай жайнамазды жасап шығарған еді.
Аталмыш компанияның өнімі буынның сырқырағанын басып, қан айналымын жақсартады.