деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуден соң журналистерге сұхбат берген Конгресс өкілі, «жүздесу өте сәтті болды. Қазақстан мен АҚШ Президенттерінің қарым-қатынастарының жақсы болуының маңызын атап өттік. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің мүшелеріне екі ел басшыларының кездесуі ойдағыдай өтуіне қажетті жағдай тудыратын ақыл-кеңестер беріп, осы мақсатта атқарып отырған шаралары үшін алғысымды айтамын. Бұл кездесуді барлығымыз да асыға күтудеміз», - деді.
Ол кезінде Қазақстанның шақыртуымен Семей полигонында болған. «Мен Қазақстан Президентінің ядролық қарудың зардабын шегушілердің жағдайын қаншалықты түсінетінін және оларға қол ұшын созғысы келетінін өз көзіммен көріп, біліп қайттым. Ядролық қарусыздандыру - біздің бірінші кезекте тоқтау салуымыз қажет мәселелердің бірі деп есептеймін», - дейді Эни Фалеомовага.