Сыртқы істер министрі Е. Қазыханов Сауд Арабиясына сапар жасайды

None
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 6-7 сәуір аралығында Сауд Арабиясына сапар жасайды.

Бұл туралы бүгін СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Өкілдің айтуынша, сапар аясында сыртқы саясат ведомство басшысының жоғары деңгейдегі кездесулері жоспарланған. «Кездесулер барысында тараптар екіжақты өзара әрекеттестік мәселелерін, халықаралық және өңірлік проблемаларды талқылайтын болады», - дейді А. Әбибуллаев.

Оның айтуынша, жүздесулерде сондай-ақ Ислам ынтымақтастық ұйымының өзекті міндеттері мен оған қазақстандық төрағалықтың басымдықтары жөніндегі мәселелер де сөз болады.