деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Ұйымға төрағалығына арналған ШЫҰ негізгі басымдықтары және Қазақстан бастамашысы болған көпжақты сипатқа ие және Ұйымның түрлі саладағы негізгі іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын талқылады.
Келіссөздер қазақстандық тараптың Ұйымға мүше барлық мемлекеттермен өткізетін консультациялар циклінің жалғасы болып табылады. Бірінші кездесу биыл 25-26 маусымда Мәскеу қаласында өтті. Ағымдағы жылдың шілде айында осындай консультациялар орталықазиялық әріптестермен - Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен өкізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманалиевпен де кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі Ұйымның қызметіне қатысты мәселелер және ШЫҰ құрылуының 10 жылдығына арналған 2011 жылы маусым айында Астана қаласында өткізілетін мерейтойлық саммитті өткізуге дайындық мәселелері талқыланды.