«2023 жылғы 3 наурызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы алдағы ҚР Парламентін сайлауды байқау жөніндегі миссияның аралық есебін жариялады. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы байқаушыларының миссиясы сайлау процестерін ұйымдастыру шарттарын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдайды. Аталған есепте сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының алдыңғы ұсынымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.
Сонымен қатар ол Орталық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы оң бағаланғанын жеткізді.
«Есепті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сайтында толығымен көруге болады. Сайлау процесін ұйымдастыру бойынша болған туындаған жағдайда, оларды тікелей Орталық сайлау комиссиясына жіберуді сұраймыз», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы ресми сайтында Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы туралы аралық есепті жариялады.