Сыртқы істер министрлігі Telegram-да аккаунт ашты
20:16, 17 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі әйгілі Telegram мессенжерінен аккаунт ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті әріптестер, достар! Біз ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram жаңалықтар арнасы - https://t.me/pressmfakz ашылғандығын қуанышпен хабарлаймыз. Жазылыңыздар және Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты жаңалықтардан хабардар болыңыздар!» делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.