Азаматтық сектор және мемлекеттік органдар өкілдері ашық әрі тақырыптық келіссөздер жүргізуге және өзара ынтымақтастыққа әзірлігін кезекті рет қуаттады.
Шара барысында Қазақстанның БҰҰ аясындағы мемлекеттік міндеттемелерінің халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің адам құқығы туралы екінші Әмбебап мерзімдік шолу баяндамасы аясындағы ұсыныстарының жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстанның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық шартты орындауына қатысты кезекті мерзімдік баяндамасынының әзірленуі талқыланды.
Бұдан бөлек, қатысушылар заң жобаларын дайындау барысындағы үкіметтік емес сектордың Қазақстан Парламентімен өзара іс-қимылдарын қарастырды.