Р. Василенконың айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін енді Алтай Әбибуллаев атқаратын болады.
«Бұл мен үшін үлкен сенім және маңызды міндет. Сондықтан да, болашақта ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста және ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген ойдамын»,-деді А. Әбибуллаев.
Алтай Әбибуллаев - 1991 жылы Варшава университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне түсіп, оны 1997 жылы бітірген. Содан бері Сыртқы істер министрлігінде қызмет етіп келеді. Ресми өкіл қызметін ол осыған дейін атқарып келген Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лаузымымен қоса атқаратын болады.
Министрліктің ресми өкілі қызметін осыған дейін атқарып келген Асқар Абдрахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.