Сыртқы істер министрлігінің алдағы міндеті қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қайрат Әбдірахманов дипломаттардың алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін ескере отырып, Сыртқы істер министрлігі және барлық шетелдердегі мекемелер келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастырулары қажет. Біріншіден, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асрыу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ҚР СІМ-нің іс-шаралар жоспарын тұрақты бақылауға алу. Екіншіден, инвестициялар тартуға немесе өз өнімін экспорттауға мүдделі отандық компанияларға тікелей жәрдем көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, барлық Сыртқы істер министрлігінің құжаттарын Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкестендіру қажет. Төртіншіден, интеллектуалды көлік жүйесін құру, онлайн-режімде жүктердің қозғалысын және олардың кедергісіз транзитін бақылау мақсатында цифрлық технологияларды ауқымды түрде енгізу жұмыстарын жүргізу керек. Бесіншіден, отандық ауыл шаруашылығы және аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерінің экспортын ілгерілету бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен компанияларға жәрдем көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуы тиіс.

«Алтыншыдан, «Астана» халықаралық қаржы орталығына 2018 жылғы 4 шілдедегі Астана қаласында орталықтың ресми ашылуына және 14-ші ДИЭФ-ті өткізуіне жәрдем көрсету жұмыстарын жалғастыру керек. Жетіншіден, қолайлы жағдай жасау мақсатында шетелдік азаматтар үшін визалық режімді ырықтандыру және еліміздің инвестициялық белсенділігін әрі туристік әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған қолайлы визалық саясатты қалыптастыру үшін құқықтық негізді кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет. Сегізіншіден, Қазақстанның қалаларында «Smart City» технологиясын дамыту және қолдану бойынша озық халықаралық тәжірибені зерделеу жұмыстарын жалғастырған абзал», - деді Қайрат Әбдірахманов.