ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген жамбылдық зейнеткер Раушан Исаева осылай айтты.
«Менің ойымша, еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасауы керек, ол өз болашағын ойлауға міндетті. Себебі, еліміздің әрі қарай қандай даму жолымен жүретіні, біздің келешек бет алысымыз елді кімнің басқаратынына байланысты болады», - дейді ол.
Р.Исаеваның айтуынша, «бұл мәселеде сырттан жай бақылап қана қоймай, өз кандидатыңа дауыс берген маңызды».