Сырым ауданында қос бірдей білім нысанын салу жоспарланып отыр - БҚО
Аудан әкімі Ерлан Нысанғалиевтің айтуынша, аудан орталығы Жымпитыда бір балабақша аздық етеді. Қазірдің өзінде мұнда 400-ге жуық бүлдіршін бар. Болашақ балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Соңғы өзгерістерге орай құрылыс құны қайта есептелмек. Екінші нысан - аудандық музыка мектебі ғимаратына қатысты да осыны айтуға болады.
Жалпы, ауданда өткен жылы білім саласына 1,2 млрд. астам теңге бөлінді, бұл - аудан бюджетінің 48 пайызы. Соңғы төрт жылда осынша мектеп пайдалануға берілді. 2010 жылы «Жол картасы» аясында Талдыбұлақ, Бұлдырты орта мектептеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, Бұлдыртыдан 50 орындық балабақша мен 50 орындық шағын орталық ашылды. Он екі мектеп автокөлікпен қамтылды. Қалған білім ордаларына автокөлік биыл сатып алынбақ.