Сыйақы қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады - зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Англия университетінің ғалымдары сыйақылардың қызметкерлерге жақсы қырынан емес, жаман жағынан әсер етуі мүмкін екендігін ескертеді. Сыйақы алғысы келген қызметкерлердің өте көп жұмыс жасауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс тудырып, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды The Hindustan Times.

Зерттеушілер 1293 басшы мен 13657 компания қызметкеріне сараптама жасады. Олар жұмысшыларды ынталандыруға арналған  сыйақылардың олардың жұмысқа деген қанағаттанушылық деңгейі мен басшылыққа деген сеніміне әсер ету көрсеткішін анықтағылары келді. Мамандар ондай төлемдердің жақсы әсер еткендігін анықтады. Бірақ, олар жұмысшылардың шамадан тыс еңбектеніп, денсаулықтарын нашарлатқанын байқады.

Ынталандыру төлемдері тек барлық қызметкерлер алғанда ғана тиімді болды. Егер, ондай қаржыларды тек бірнеше қызметкер алған болса, кері әсер байқалды.