Сыйымдылығы 998 тонналық жапон танкері теңізге батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Хонсю аралының Химедзи порты маңында ішкі Жапон теңізінде орын алды. Жапондық құтқарушылардың болжамына қарағанда, танкердегі жарылыс жылу резервуарларын таттан тазарту және мұнай газын сейілту кезінде болған.

Экипаждың 7 мүшесі құтқарылды, 4-еуі күйік жарақаттарын алды. Жапа шеккендердің бірінің халі ауыр. Жағалау күзеті хабарлағандай, сыйымдылығы 998 тонна, ұзындығы 85 метрлік танкердің капитаны із-түзсіз жоғалып кеткен.

Көрші портқа мазут әкелген танкер, жарылыс кезінде бос болған.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ кеңсесінде оқиғаға қатысты дағдарыстық штаб құрылды.