Н.Сызғанов атындағы Ұлттық кардиохирургия орталығы директорының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты С.Пазылов, Алматы білім жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Жұмабеков, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Байжанов, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Тұрсынбаевтар бастаған білікті мамандар Жаңақорған ауданында науқастарға ота жасады. Аталмыш орталық мамандары үстіміздегі жылы төртінші мәрте облысқа келіп, аудандардағы хирургтарымыздың тәжірибесін кеңейтіп, білімін жетілдіруде. Бұл науқастар үшін де тиімді болып отыр.
Ендігі кезекте облыстық медицина орталығының хирургтары да, әсіресе, балалар хирургтары аудандарда ота жасап, сауықтыру шараларына кірісіп кетті.