Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгені жымқырған Алматы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.
Айтуынша, оның телефон нөміріне белгісіз біреу хабарласқан.
«Ұлттық Банк қызметкерлеріміз, белгісіз біреулер атыңыздан несие алайын деп жатыр» деп сеніміне кіріп, 5 млн теңге ақшасын аудартып алған.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімдер топ болып төбелесті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.