Т.Блэр Еуропамен ықпалдасу мәселелері бойынша Қазақстан СІМ-не кеңес береді
20:03, 09 Қараша 2011
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэр Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне «Еуропаға жол» бағдарламасы бойынша кеңес береді.
Бұл туралы Қазақстан даму банкінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференцияның қорытындысына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
Оның атап өтуінше, Тони Блэр бүгінде еліміздің Сыртқы істер министрлігімен жұмыс істеуге кірісіп те кеткен. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің әрбір шетелдік кеңесшісінің өзіндік бағдары бар. Мәселен, Т.Блэр еліміздің Сыртқы істер министрлігіне «Еуропаға жол» бағдарламасы бойынша кеңес бермек.