Т. Донақовқа ҚР Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының міндетін уақытша атқару жүктелді
16:46, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақовқа Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының міндетін уақытша атқару жүктелді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.