Т. Досмұхаметовтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхаметовтің орнынан түсуге өтініш беруіне байланысты депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.