президенті Тимур Құлыбаев осы ұйымның вице-президенті болып сайланды.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Т.Құлыбаевтың кандидатурасын AIBA-ның Атқарушы бюросының қарауына Халықаралық бокс федерациясының президенті Чинг-куо Вудың өзі енгізді. Құттықтау хатында ол Т.Құлыбаевтың AIBA-ның кәсіби боксты дамытуды көздейтін инновациялық жобаны (қазіргі «Астана арландары» қатысып жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы - автор) қолдағаны үшін өз ризашылығын білдіріп, жеке құттықтауын жеткізді.