деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып, халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.
«Қожанасыр тірі екен» спектаклінің арқауы бүгінгі күн. Онда Шығыс және оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер Қожанасырдың, таза қазақ фольклор кейіпкерлері Алдар көсе мен Тазшаның көзімен көрінетін бүгінгі күн және оның адамгершілік бет-бейнесі көрсетіледі.