Т. Пірімбетовке ҚР Президенті Протоколының бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді
14:31, 20 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы бастығының орынбасары Тимур Владимирұлы Пірімбетовке Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.