18:04, 13 Наурыз 2009
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де «Қаржы менеджменті» оқыту бағдарламасы ашылды
АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Халықаралық бизнес мектебінде Executive MBA «Қаржы менеджменті» бағдарламасының ашылу салтанаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық бизнестік білім беру нарығы үшін бірегей саналатын осы бағдарлама компаниялардың қаржылық қызметтеріне тәжірибелі жетекшілерді, топ-менеджерлерді дайындауға арналған. Осы арқылы қаржыны басқарудың ең заманауи әдістерін және технологияларын игерген жаңа буындағы кәсіби мамандар оқытылатын болады.«МВА-Қаржы менеджменті бағдарламасы бойынша оқытылатын тыңдаушы қаржыландырудың түрлі тәсілдері мен амалдарына, қаржы ағымдарының қозғалысын оңтайландыруға, қаржы саласында болжамдар жасауға, қаржылық басқарудың тиімді жүйесін құруға, тиімді инвестициялық шешімдер қабылдауға, капитал құрылымын басқаруға үйренеді», дейді университет жанындағы халықаралық бизнес мектептің вице-президенті Сәуле Арыстанбаева.Бағдарлама еуропалық университеттермен ынтымақтаса отырып әзірленген. Сабақты отандық бизнес білім беру саласында жұмыс істеп жүрген жетекші қазақстандық оқытушылар мен белгілі кеңесші-тәжірибешілер жүргізетін болады.