Тəуелсіздік күнінде шетелдік әншілер Назарбаевтың əнін орындады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Silk Way Star» халықаралық музыкалық жобасының қатысушылары мен əділ қазылар алқасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елім менің» əнін орындап, қазақстандықтарды Тəуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерттік нөмір видеосын QAZAQSTAN арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жариялады.

Айта кетейік, «Елім менің» əнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев, əуенін - Бекболат Тілеухан жазған.

Еске сала кетсек, «Qazaqstan» ұлттық арнасында 30 қыркүйектен бастап «Жібек Жолы Жұлдыздары» жобасы көрсетіліп келеді.

Айта кетерлігі, отандық телевидениеде мұндай деңгейдегі халықаралық музыкалық тележоба бұрын-соңды болмаған. Жобаның негізгі мақсаты - осы арқылы қазақ музыкасын кең тұрғыда насихаттап, шет елдерде таныту.

«Жібек Жолы Жұлдызы» жобасына 9 елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің жарқын жұлдыздары бір сахнада бақ сынасты.

Соңғы жаңалықтар