Тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 миллионнан аса қандасымыз көшіп келді - ҚР Президенті
18:41, 22 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келді. Бұл туралы Астанада жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен 2017 жылды қорытындылауға арналған сұхбаты барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы сонымен қатар ұлы көштің əлі де жалғасып жатқанын мәлім етті.
Сқхбат барысында көтерілген мәселелер Ақорданың твиттердегі парақшасында жарияланды.