11:22, 23 Қыркүйек 2013
Т.Жайлауов ҚХЛ-дың үздік шабуылшылары тізіміне енді
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауов Құрлықтық хоккей лигасының үздіктері тізіміне енді.
Лиганың жаңа маусымы басталғалы бері Т.Жайлауов үш шайба және сегіз пайдалы пас берді. Соның арқасында 11 ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшысы тізіміне енді. Қазір Т.Жайлауов үшінші орында тұр. Бірінші орында - оның әріптесі Найджел Доус (12 ұпай), екінші орында - «Металлург» командасының ойыншысы Ян Коварж. Оның үлесінде де он екі ұпай бар. Айта кетейік, «Автомобилист» (Екатеринбор) командасымен өткен кешегі матчта Т.Жайлауов дубль жасап, екі бірдей шайбаның авторы атанды. Бұған дейін ол «Авангардқа» (Омбы) қарсы ойында бір шайбамен көзген түскен еді. Жалпы, бүгінде «Барыс» ҚХЛ-да ең көп шайба соққан команда болып саналды. Оның үлесінде қарсыластардың қақпасына салған 40 шайба бар. Демек, «Барыс» әрбір ойында шамамен 5 шайба соғып отырады. Әзірше, бұл ең үздік көрсеткіш.