деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өнер Академиясының магистранттары мен жоғары курс студенттері Ә.Қастеев атындағы мектеп оқушыларымен өз шеберліктерін бөлісті. Ұстаздар да қалыс қалмай шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Акция соңында қатысушылардың бәріне Алматының бренді болып саналатын - апорт алмалары үлестірілді.
«Біз әрдайым осы сияқты шараларды өткізіп тұрамыз. Бүгінгі акциядағы үздік жұмыстар таңдалғаннан кейін, көрмеге қойылатын болады», дейді Өнер академиясының кескіндеме және мүсін факультетінің деканы, доцент Бауыржан Байділдә.