Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды.
Мәдени шара халықаралық «Үкілі үміт» көрме жобасы аясында жасампаз жастар шығармашылығын қолдау мен дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жұртшылық назарына ұсынылған бүгінгі экспозицияда қазіргі заманғы қазақ өнерінің түрлі техникасын танытатын өнер туындылары көрсетілген. Сонымен қатар көрмеге белгілі қылқалам шеберлері мен болашағынан зор үміт күттіретін жас дарындардың суреттері мен мүсіндері қойылған.
Қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің жаңа ұтымды шешімдері мен қайталанбас дара идеяларын паш еткен бүгінгі көрмеге отандастарымызбен қатар Иран және Қытай мемлекетінің өкілдері де қатысты.