Т.Жүсіпов ресейлік боксшыны қапы қалдырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында «Астана арландарының» боксшысы Теміртас Жүсіпов Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасының мүшесі Вадим Кудряковтан басым түсті.

Төрешілер 5 раунд бойы қазақстандық боксшының басымдық танытқанын бірауыздан мойындады. Келесі кезекте Қайрат Ералиев пен Владимир Никитин (56 келі) жұдырықтасады. Айта кетейік, елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында «Астана арландары» мен Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы арасындағы кездесу өтуде. Бүгін 5 жұп жұдырықтасады. .Екі команда арасындағы қалған салмақ санатындағы боксшылардың жекпе-жегі ертең өтеді. Бұл күні шаршы алаңда Олжас Сәттібаев пен Карен Арутюнян (52 келі), Закир Сафиуллин мен Артур Субханкулов (60 келі), Асланбек Шымбергенов пен Якуб Нуриев (69 келі), Нұрдәулет Жарманов пен Эдуард Якушев (81 келі), Еркін Мұхамеджан мен Дмитрий Зайцев (91 келіден жоғары) айқасатын болады.