The American Naturalist журналында Нью-Йорк қалалық университетінің профессоры Дэвид Лахти мен оның әріптестері жариялаған ғылыми мақалада көкшіл жұмыртқаның сыры екі гипотезамен түсіндіріледі.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша күн сәулесі құс жұмыртқасына ондағы өніп келе жатқан эмбрионға екі түрлі қауіп төндіреді: қабыққа сіңген инфрақызыл толқын оны қыздырып жіберуі мүмкін, ал ішке еніп кететін ультракүлгін сәуле эмбриогенез үдерісіне кедергі келтіреді.
Мақала авторлары көк түс өзінің кемшіліктеріне қарамастан осы екі қатерден сақтандырады деп болжады. УК сәуле ұрыққа жетпейді әрі жұмыртқа тез қызып кетпейтіндей деңгейде жылу қабылдайды.
Ғалымдар өздерінің болжамдарын зертханада құс жұмыртқаларына тәжіриеб жасау арқылы дәлелдеп шықты.