Бөлім бастығы Асқар Шынтеміровтың айтуынша, 2010 жылдың 12 айында олар 5,5 мыңнан астам рейд ұйымдастырды, ормандарды, жануарлар әлемі мен балық шаруашылығын қорғау саласындағы табиғат заңнамасын сақтауға қатысты 1,5 мың тексеріс жүргізілді.
Осы атқарылған үлкен және тыңғылықты шаралар нәтижесінде 1067 заң бұзушылық анықталды, олардың арасында 666-сы орман заңнамасын бұзуға қатысты, тағы 239-ы аңшылық ережесін бұзу да бар. Қылмыстық жауапкершілікке 8 адам, әкімшілік жауапкершілікке 803 адам тартылды, олардың ішінде 47 адам - лауазымды тұлғалар. Құқық бұзушыларға қатысты 6 430,3 мың теңгеге әкімшілік айып салынды (оның 5 892,2 мыңы өндіріліп алынды). 13 584,2 мың теңгеге талап жасалды.