Табиғатта өрттің алдын алу үшін қандай сақтық шараларын ұстану керек

Фото: ШҚО ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды орман және дала өрттерінің алдын алу үшін табиғатта өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи өрттердің туындау қаупін азайту үшін азаматтар мына талаптарды орындауы қажет:

  • Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау;
  • Орман және дала алқаптарында от жақпау;
  • Табиғат аясында демалғаннан кейін шыны бөтелке мен әйнек ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету – күн сәулесі әйнекке түскенде құрғақ шөптің тұтануына себеп болуы мүмкін.
  • Жанатын қоқысты шығару, құрғақ өсімдіктерден тазалау және елді мекендердің аумағын жинау жұмыстарын жүргізу.

- Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет, - делінген ақпаратта.

Министрлік орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, елордада дәмханада болған өрт кезінде екі адам құтқарылды.