Ведомствоның мәліметінше, табиғи өрттердің туындау қаупін азайту үшін азаматтар мына талаптарды орындауы қажет:
- Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау;
- Орман және дала алқаптарында от жақпау;
- Табиғат аясында демалғаннан кейін шыны бөтелке мен әйнек ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету – күн сәулесі әйнекке түскенде құрғақ шөптің тұтануына себеп болуы мүмкін.
- Жанатын қоқысты шығару, құрғақ өсімдіктерден тазалау және елді мекендердің аумағын жинау жұмыстарын жүргізу.
- Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет, - делінген ақпаратта.
Министрлік орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, елордада дәмханада болған өрт кезінде екі адам құтқарылды.