The Hindustan Times жүргізген зерттеу бойынша, кеңседе ойнап тұрған табиғат дыбыстары қызметкерлердің көңіл-күйін көтеріп, еңбек өнімділігін арттырады. Өзге дыбыстар керісінше адам жүйкесін жұқартады.
Бір таңқаларлығы, тауда гүрілдеп аққан өзен суының дыбысы жұмысқа еш бөгет келтірмейді екен. Және де бұл өзге дыбыстарға көңіл аудармаудың жақсы амалы. Кеңседе жүргізілген аудиожүйе арқылы осы сынды табиғи дыбыстарды ойнатып, еңбек өнімділігін арттыруға болады. Зерттеу көрсеткендей, табиғат дабыстары қызметшілерге оң әсер етеді, сондықтан, оларды кеңседе ғана емес, ауруханаларда да пайдалануға болады.