NHK телеарнасының Shikoku Electic Power Co энергетикалық компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, Кюсю аралының шығысындағы Токусима префектурасының төрт елді мекені жарықсыз қалды. Барлығы 1444 үйде электр энергиясы жоқ. Кеше осы ауданда екі ер адам қатты жауған қардың құрбаны болды.
Апта басынан бері Жапонияның батыс жағалауында толассыз қар жауып тұр. Айталық, өткен тәуліктерте Ямагата префектурасында қардың қалыңдығы бір метрден асты. Жолдарды тазалауға өзін-өзі қорғау күштері жіберілді. Синоптиктердің айтуынша, қар жаууы елдің орталық және солтүстік аудандарында дүйсенбіге дейін толастамайды.