Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Шынжаңның Азаматтық әкімшілік басқармасының мәліметтеріне сәйкес, апаттардың салдарынан 1,54 миллион адам зардап шеккен, 21 адам қаза болған, жедел түрде 170 мыңға жуық адам басқа жерге көшірілген. 38 мыңнан астам тұрғын жай қираған және зақымданған. Оған қоса, шамамен 100 мың бас мал қырылып қалып отыр.
10:41, 10 Ақпан 2010
Табиғаттың тосын мінезінен Шынжаң өлкесі 95 миллион доллардың экономикалық шығынын көріп отыр
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Ағымдағы жылы Шынжаң өлкесі қалың жауған қар мен қатты аяздың салдарынан 95 миллион доллардың экономикалық шығынын көріп отыр.