Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Моңғолияға біздің де көмектесуіміз керек - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев бүгін жалпы отырыста табиғаттың тосын мінезінен малдары қырылып,

жұт болып жатқан Моңғолияға Қытайдың да, Ресейдің де қолұшын созып, ал Қазақстанның бұл мәселеде үнсіз отырғандығына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Гаитиге көмектестік, ал жанымызда отырған қазағы көп Моңғолияға неге көмектесуге асықпаймыз. Олар қазір Біріккен Ұлттар Ұйымынан да көмек сұрап отыр. Ал біз неге үнсізбіз. Мен мұндай көзқарасты түсінбеймін. Үкімет бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиісті шара қолдануы қажет», деді депутат.