«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жер қойнауы учаскелеріне 10 келісімшарт пен қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 58 лицензия берілгені анықталды. 2018-2023 жылдары аралығында жоғарыда аталған келісімшарттар мен лицензиялар бойынша геологиялық барлау шығындары 27 млрд теңгеден асты. Бұрын «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс нормаларына сәйкес, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жер қойнауын пайдалану құқығын беру шектеулері 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатып қойылған болатын. Қазіргі уақытта бұл шектеулер күшіне енді. Аталған келісімшарттар мен лицензиялар сол кездегі қолданыстағы заңнама негізінде берілген. Сондықтан оларды қайта қарауға негіз жоқ», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Айта кетерлігі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 25-бабында, сондай-ақ басқа да заңнамада сәйкес жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге тыйым салынған аумақтар көрсетілген. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 48-бабымен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында барлауға тыйым салынған. Бірақ мемлекеттік қорықтық аймақтарда барлауға уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.
Бұған дейін кен орындарын қалпына келтіру бойынша жол картасын әзірлеу орынсыз екендігін жазған едік.