Сахналық және театрлық эффектілерді жандандыру қызметімен айналысатын Moment Factory компаниясы саябақтың екі шақырымға жуық аумағын сиқырлы әлемге айналдырған.
Бақ ішінде келушілерге орман перілері, аңыздардағы жан-жануарлар мен елестер «кезігеді», деп хабарлайды Travel. Олардың образдарын бейнелеуде тың идея иелері осы аймақта өмір сүрген үндістердің көне аңыздарын ескерген.
Замануи жарықтық, дыбыстық және бейне әсерлердің арқасында «сиқырлы орманға» шынымен де жан бітеді: ағаштардың тамырлары қозғалып, жапырақтары сан алуан түстерге боялады. «Сиқырлы орман» туристерге 11 қазанға дейін қызмет көрсетпек, мұнда кіру бағасы 18 канадалық доллар ($17) тұрады.