«Табиғи монополиялар саласында нақты реформалар талап етіледі. Бұл саланы реттеудің мүлдем жаңа тұжырымдамасы, тарифті инвестицияларға айырбастау ұсынылады. Осы реформа аясында мүлік иелері есебінен салған салынатын инвестициларды ұлғайту, табиғи монополиялар мен қоғамдық маңызы бар саладағы жұмыскерлердің жалақы деңгейін арттыру, одан әрі реттеуді табиғи монополиялар саласына озық инновациялар енгізуді ынталандыру жолымен жүзеге асыру және.т.б. шаралар көзделген», - деді ол Үкімет отырысында.
Айтуынша, салық төлеушілердің бүкіл есептерін цифрлық платформада тапсыруға мүмкіндік жасалмақ.
«Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы салықтық әкімшілендіруді түбегейлі қайта қарауды, салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін цифрландыруды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленеді», - деді Әлібек Қуантыров.