Табиғи монополия субьектілерін тексеру жиілігі сәйкесінше тәуекелдік тобына байланысты - ҚР ТМРА

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өзінің www.arem.kz ресми сайтында «Агенттік қызметінің стратегиялық бағыттары» тақырыбына кезекті интернет конференция өткізді.

Қазақстандықтардың online режіміндегі сұрақтарына ведомство төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев жауап берді, деп хабарлады ҚР ТМРА баспасөз қызметі.

 Сөйлесуге қатысушылар өнім беруші мен тұтынушылар арасындағы қатынасты реттейтін тетік; нормативтік ысыраптарды төмендету және нормативтен тыс ысыраптарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы; тариф белгілеудің бенчмаркингтік әдісінің ерекшеліктері туралы және т.б сұрады.

 Мысалы, нормативтік ысыраптарды төмендету және нормативтен тыс ысыраптарды жою үшін Агенттік қабылдайтын шаралар қызықтырған өтініш иесіне толыққанды жауап берілді: Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес нормативтен тыс ысыраптары бар барлық табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысыраптарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бес жыл ішінде әзірлеуге және орындауға міндетті. «Осы жоспарлар болмаған жағдайда табиғи монополия субъектілерінің өтінімдері тарифтерді бекітуге қабылданбайды және қаралмайды.

     Бұл ретте монополист жыл сайын тарифтік сметаның орындалуы бойынша есеп ұсынады. Осы арқылы Агенттік табиғи монополия субъектілерін, атап айтқанда нормативтен тыс ысыраптарды жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды. Бұл ретте 2011 жылы базалық табиғи монополия субъектілерінің нормативтен тыс техникалық ысыраптары жылу желілерінде - 8%-ға, электр желілерінде - 3,6%-ға, сумен жабдықтау желілерінде - 4,2%-ға төмендетілді», - деді А. Дүйсебаев.

 Басқа сұрақ иесі Қазақстанның барлық аумақтары бойынша қызметтерді ұсынатын ірі табиғи монополия субъектілерін, сондай-ақ бір аудан немесе облыс шеңберінде қызметтерді көрсететін ұсақ табиғи монополия субъектілерін де неге үш жылда бір рет қана тексересіздер? - деп сұрады. «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және шамалы тәуекел топтарға жатқызады.

 Осыған байланысты жоспарлы тексерулерді өткізудің кезеңділігі де айқындалады: тәуекелдің жоғары дәрежесі кезінде  жылына бір реттен жиі емес, орташа кезінде  3 жылда бір рет, шамалы кезінде  5 жылда бір рет.

Осылайша оның тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша ұйымдастыру орташа тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылса, онда оны ірі, орташа не шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызуға байланысты 3 жылда бір реттен жиі емес жоспарлы түрде тексерілетін болады», - деп жауап берді ол.

Барлығы 13 сұрақ келіп түсті, оларға жауап www.arem.kz сайтына орналастырылған.