деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл заң жобасы Қазақстан Президентінің 2003 жылғы мамырдың 17-дегі Жарлығымен бекітілген еліміздің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау үшін әзірленген.
Заң жобасының негізгі міндеті субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, субъектілердің активтеріне күрделі инвестициялық салымдарды ұлғайту үшін жағдайлар жасауға және олардың инвестициялық тартымдылығын көтеруге бағытталған реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
Заң жобасы 2010 жылғы қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялар үшін салыстырмалы талдау әдісін енгізуді, реттелетін нарық субъектілері үшін икемді баға саясатын көздеуді, сондай-ақ тұтыну көлемдері бойынша сараланған тарифтерді қолдану жөніндегі тетіктерді көздеуді ұсынады.
Заң жобасында ұсынылып отырған толықтырулар Қазақстан Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында көрсетілген коммуналдық желілер мен объектілерді қайта құру мен жаңғырту жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Президентінің 2009 жылғы сәуірдің 9-да Алматыда өткен кеңесте айтқан суды тұтынудың көлеміне қарай оған жаңа тарифтер белгілеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
Заң жобасын қабылдау энергия үнемдеу және тұтынушылардың су ресурстарын ұтымды пайдалану, желілерді жаңғырту мен қайта құруға қосымша инвестициялар тарту және өңірлік электр желілік компаниялардың қаражатын босату мәселелелерін шешуге ықпал етеді.
Ұсынылып отырған түзетулер тауар нарықтарындағы бағаларды мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырады және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауға ықпал ететін болады. Сондай-ақ тарифтердің күнтізбелік жылдан бастап енгізілетінін назарға ала отырып, 2010 жылдан бастап жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдаудың нәтижесінде тұтастай алғанда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту немесе көбейту болжанып отырған жоқ.